Балқаш прокуратурасы 1,2 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

2 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Балқаш қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау аясында 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды turkystan.kz.  

2025 жылдың басынан бері прокуратураның бастамасымен жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын алты мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды. Бұған сметалық құнның асыра көрсетілуі, конкурс құжаттамасына экономикалық негізі жоқ жұмыс көлемдерінің енгізілуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылу, басқада заң бұзушылықтар себеп болды. 

Үнемделген қаражат қаланың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатын болады. 

Тэгтер:

мемлекеттік сатып алу бюджет қаражаты