Қарағанды облысында 2 жасар баланы пойыз қағып кетті

2 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қарағанды облысында теміржолда пойыз қағып кеткен екі жасар бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жүк пойызының машинисі теміржол үстінде жүрген баланы байқап, шұғыл тежеу жүйесін қосқанымен, соқтығыстың алдын ала алмаған. Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше күн бойы дәрігерлер оның өмірі үшін күресті.

– Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Өкінішке қарай, баланың жағдайы өте ауыр болды, оны аман алып қалу мүмкін болмады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 344-бабы (– Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары баланың теміржолға қалай шыққанын және оған кім жауапты екенін анықтауға кірісті.

Тэгтер:

Бала Пойыз Қарағанды облысы апат