Үш өңірде ауа ластанады

2 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайысз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

- 2025 жылғы 2 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.