Жаңалықтар

"Құнанбай" фильмі тағы бір бәйгені бағындыра ма?

ашық дереккөзі

"Құнанбай" фильмі тағы бір бәйгені бағындыра ма?

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" фильмі Уфа қаласында өткен "Күміс Ақбозат" атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталған еді.  Ал таяуда «Құнанбай» және «Жаңғақ тал» фильмдері Қытайдың астанасында сәуірдің 19-ы мен 21-і аралығында өтетін Халықаралық Пекин кинофестивалінің (Beijing International Film Festival) «Панорама» бағдарламасында көрсетілмекші. «Жаңғақ тал» фильмінің режиссері Ерлан Нұрмағамбетовтың айтуынша, фильм бұл байқауда елеусіз қалмайды. Айта кету керек, «Жаңғақ тал» фильмі Оңтүстік Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында бас жүлдені иемденген болатын. Және аталмыш картина Везульдегі Азия кинолары 22-і Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетіліп (Франция, 2016 ж.), екі бірдей жүлдеге – халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды. Ал, "Құнанбай" фильмінің режиссері Досхан Жолжақсынов: "Таласбек Әсемқұлов екеуміз Қытайға барғанда өте жылы қабылдады. Демек, тарихтан сыр шертетін фильм қытайлық көрермендерге ұнайды деген ойдамын, – деді.   Аталған фестиваль әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттап, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптейді.