«Бұғаттай саламын»: Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

1 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртастың жары, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүйкесіне тиіп, мазасын алған жайттар жайында жазды, деп хабарлады

«Не қылса, демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті», - деп жазды актриса.

Сонымен қатар ол ондай адамдарға не деуге болатынын сұраған.

Желі қолданушылары болса: «Ондайда ақылшылар көбейіп кетеді», «Әрі ойнаңыз деп айт», «Мен де сіз сияқты істер едім», «Жүкті болсаңыз да бәріне үлгеріп жүсріз. Мықты екенсіз» деп жазды.

Тэгтер:

әнші үй Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті жүйке