Нұрбек Оралбай Әлем кубогінің ширек финалына жолдама алды

1 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

2024 жылғы Париж Олимпиадасың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.

Тэгтер:

бокс Нұрбек Оралбай әлем кубогі ширек финал