Махмұд Сабырхан Әлем кубогінің ширек финалына шықты

1 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

1/4 финалға шығу үшін ол оңтүстіккореялық Шин Чжэенмен өзара мықтыны анықтады.

Махмұд Сабырхан бірінші раундтан-ақ керемет бокс үлгісін көрсетіп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Тэгтер:

бокс Махмұд Сабырхан әлем кубогі