Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс жүргізіп, нәтижесінде шетелдік 59 студент Бішкектегі Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен оқудан шығарылды. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқуға ресми түрде қабылданған шетелдік студенттер іс жүзінде қырғыз елінің аумағында болмаған және оқу процесіне қатыспаған. Соған қарамастан, олардың құжаттары белсенді студенттер ретінде университетте тіркелген.
Аталған факті бойынша «Қызметтік қасақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссиялық тексеріс бұл заңбұзушылықтарды растады. Тексеру нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды.
Олардың ішінде:
30-ы — Өзбекстан азаматы;
20-сы — Қазақстан азаматы;
9-ы — Ресей азаматы.
Тергеу жалғасуда. ҰҚМК университеттің оқытушылық және әкімшілік құрамынан бұл заң бұзушылықтарға кімнің қатысы барын анықтап жатыр.