Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады turkystan.kz.
"Полиция қызметкерлері Павлодар ауылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мотокөлік тізгіндеген жүргізуші жоғары кернеулі электр бағанасына соғылып, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде", – делінген хабарламада.
Полиция департаменті осындай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жылдамдық режимін сақтауы, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауда ұстауы қажет екенін еске салады.