Бұған дейін Панфилов ауданы Алты үй ауылының тұрғыны адам өлтіргені үшін 9 жарым жыл түрмеде отырған. Сол қылмыстан кейін 60 жастағы ер адам тағы да ауыр қылмыс жасап, кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түскен. Оған 30 маусым күні үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Нәтижесінде, жасөспірімге қатысты азғындық әрекеттері үшін оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл өткен жылдан бастап күшіне енген заңнамалық өзгерістермен байланысты. Бұрын екі жаза нұсқасы болатын – 20 жыл немесе өмір бойы. Қазір, соңғы өзгерістерге сәйкес, таңдау құқығы алынып тасталды – тек бір жаза қарастырылған: өмір бойына бас бостандығынан айыру», – деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.