Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 1 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.