Қарағандыда медбике жаңа туған сәбилерді сатқан

Бүгін, 05:35 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағандыда жаңа туған балаларды сатқандарға қатысты сот үкімі шықты.

Сотта алты адамға жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты операцияларды жасады деген айып тағылды. Олар екі сәбиді сыйға беру және қабылдау, осы әрекетке жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танылған.

Нақтырақ айтқанда, жаңа туған екі нәрестенің биологиялық анасы, перзентхана медбикесі және екі баланы алушы ерлі-зайыптылар сотқа тартылды.

Айыпталушы әйел аралары бір жыл екі нәрестені де балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыптыларға сыйға берген. Екі жағдайда да Қарағандыдағы перзентхана медбикесі арада делдал болған.

"Сот шешімімен балалардың биологиялық анасы 5 жылға, медбике 8 жылға сотталды. Ал екі отбасылық жұп 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.