Экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

30 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Бұрынғы Әділет министрі алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Іс материалдары құпия саналады – егжей-тегжейі жария етілмейді.

Оның байланысы бар компанияның мүддесін қорғап, мемлекетке ірі көлемде зиян келтіргені белгілі болды.

Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылға дейін басқарған. Кейін премьер-министрдің кеңесшісі болған.

Тэгтер:

алаяқтық министр Марат Бекетаев экс министр