Перизат Қайраттың ісі сотқа жолданды

30 маусым, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Бас прокуратура Перизат Қайрат пен анасы Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады», - делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Тэгтер:

қылмыстық іс Перизат Қайрат сотқа жолданды