Әлем чемпионатында күміс жүлде алған Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

30 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

«Jenys» клубы дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Әбиба Әбужақыноваға автокөлік сыйлады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады  turkystan.kz.

«1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубыма ризашылығымды білдіремін»,- деп жазды дзюдошы.

Тэгтер:

әлем чемпионаты көлік Әбиба Әбужақынова дзюдо күміс