Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

30 маусым, 2025 / Алуа Арман
Фото: Айнұр Сапарова / Ақ Жайық

29 маусымда Атырау қаласында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам жарақат алды. Олардың арасында жасөспірім де бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты шамамен сағат 15:00-де Уәлиханов пен Махамбет көшелерінің реттелетін қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1982 жылы туған Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде тура бағытта келе жатқан Daewoo автобусына жол бермеген.

«Соқтығысудың салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы, оның ішінде кәмелетке толмаған бір адам және автобустың бір жолаушысы жарақат алды. Барлық зардап шеккендер Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта материалдар жинақталып, сараптамалар тағайындалды, жол апатының мән-жайы нақтылануда.

 

 

Тэгтер:

Атырау Жол апаты Автобус жеңіл көлік соқтығысу