Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін, 12:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері 1, 2 және 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанға кезекті циклон жақындап келеді

Алдағы күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа райы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 1 шілдеде батыс және шығыс өңірлерде, ал 3 шілдеде солтүстік-батыс аймақтарда қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Басқа өңірлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Аномальды ыстық

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі. 2 және 3 шілдеде орталық өңірлерде +35…+38 градусқа дейін ысиды, ал оңтүстікте +40…+44 градусқа дейін аптап ыстық болады. Солтүстік аймақтарда да 3 шілдеде +30…+35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Бұған дейін синоптиктер 30 маусым, дүйсенбі күні, Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағайлы жаңбыр жауатынын, тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болатынын хабарлаған.

 

 

 

 

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет ыстық жаз