«Зорлық көрсетті»: Шымкентте полицей келіншек әріптесін айыптады

30 маусым, 2025 / Алуа Арман
ІІМ

Еңбекші ауданының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасарына «зорлық көрсетті» деген айып тағылды. Құқық қорғау органында жұмыс істейтін келіншек осындай мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл фактіні растады. Әйел адамның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, арызданушы мен арызда аталған ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат жария етілмейді», – деді полиция.

Тэгтер:

Шымкент Полиция зорлық арыз