30 маусым таңғы сағат 07:32-де Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік - 37.260, шығыс бойлық - 71.150.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 822 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.