«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы жазғы уақытқа Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол) бағыты бойынша қосымша №257/258 пойызын іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл шешім демалыс маусымында жолаушылар ағынының артуына байланысты қабылданып, еліміздің батыс және солтүстік өңірлері арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жүру кестесі
Пойыз 2025 жылғы 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін келесі кесте бойынша қатынайды:
Ақтөбеден аттанатын күндері:
4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде;
2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.
Астана (Нұрлы жол) вокзалына келетін күндері:
5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде;
3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.
Астанадан кері аттанатын күндері:
6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде;
4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.
Ақтөбеге келетін күндері:
7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде;
2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйек.
Қосымша пойыз 12 вагоннан тұрады: 6 купелік вагон, 6 плацкарт вагон.
Әрбір вагон кондиционерлермен жабдықталған, қашық жолға жайлы жағдайлар жасалған. Пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.
Билеттерді сатып алуға болады:
онлайн bilet.railways.kz сайтынан,
еліміздегі барлық теміржол вокзалдарының кассаларынан.
Жүру кестесі мен маршруттар бойынша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.