"Бұл қыздың 4 ата-әжесі бар": Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі оның немересіне ерекше сыйлық тарту етті

Бүгін, 04:39 / Дана Ізтілеуова

Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі актриса Динара Абдуллина оның немересінің тұсаукесер тойында ақжарма тілегін жеткізді.

""Бұл қыз – өте ерекше. Бізде мысалы 1 әже, 1 ата болатын болса, бұл қызда 4-еу. Аллаға шүкір, бәріміз құшағымызды ашып, осы қызды жақсы көріп тұрамыз. Қолымызда не бар, соны береміз. Бүгін де құр қалдырмадым, өзімнің атынан Айсұлушкама алтын сырға. Бриллиантпен", – деді актриса.

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлдарының үйлену тойын белгілі бір себептермен жасай алмаған екен. Бірақ өткен апта олар өпшілікке Жансая есімді келінін таныстырып, немересі Айсұлудың тұсауын кесті.

Тэгтер:

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықов ерекше сыйлық Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі