KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтып, желідегі оқырманын қызықтырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде жаңа фотосын жариялаған.
"Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", - делінген фото сипаттамасында.
Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөліскен.
"Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", - деп жазып қойған онда әнші.