Теннисші Жібек Құламбаева үш айда үшінші титулын жеңіп алды

29 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: olimpic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF турнирінде жеке сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда Құламбаева сербиялық Драганья Вуковичпен (WTA – 751-орын) кездесіп, екі сетте – 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Қарсыласу 2 сағат 1 минутқа созылды.

Бұл – Жібек Құламбаеваның 2025 жылы жеңіп алған үшінші титулы. Бұған дейін ол сәуір айында Мадридте (Испания) өткен турнирде, ал мамырда Висбаденде (Германия) өткен жарыста жеңіске жеткен болатын.

25 жастағы спортшының бұл жетістігі оның биылғы маусымдағы тұрақты әрі табысты өнерін көрсетеді.