Иранда жойқын жарылыс болды

29 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Иранның солтүстік-батысында орналасқан Тебриз мұнай өңдеу зауытының салынып жатқан блоктарының бірінде азот сақталған резервуар жарылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бұл туралы Tasnim агенттігі мәлімдеді.

Мәліметтерге қарағанда, зауыт маңындағы қалың түтін апат салдарынан пайда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыстан қаза тапқандар жоқ, зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.