Ақтауда алимент төлемеген ер адам пәтерінен айырылды

29 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ақтауда алимент төлемеген ер адам пәтерінен айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала прокуратурасы атқарушылық құжаттарға талдау жасап шықты.

"Талдаумен уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесімен 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді. Одан басқа алимент төлеуден жалтарған 26 тұлғаға айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 5 адамға қатысты айыптау үкімі қабылданды.

Айта кетері, алимент төлемегені үшін жауапркешілік қарастырылған. Ал прокуратура сот үкімінен кейін алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындауды бақылап отырады.