Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 10:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520, 39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 609,58

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608 сату құны — 612.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 603 теңгеден сатып алынып, 610 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50 — 6,65 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге қымбаттап, 520, 39 теңге болған.