Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайтыны айтылды

Бүгін, 09:09 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 29 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.  Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.