Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты тағы бір қауесет пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың ара-қатынасы туралы түрлі ақпарат тарап жатыр.
Кезекті қауесет: «Оның тоқалы 1997 жылы туған, Қызылорда қаласы Бесарық ауылының тумасы. Ол келіншек ұлын дүниеге әкелді. Қазір ол Астанада тұрады, оған пәтер, көлік сатып алып, ай сайын ақша беріп тұрады. Сосын тоқалдан кейін оның ресми әйелі де ұл туды. Әйелі білген соң күйеуінің тоқалына көрсетпегенді көрсеткен. Қазір ол әйелінің қатаң бақылауындa, әйелі оны барлық жерде, тіпті күні бойы ертіп жүреді», — делінген жазбада.
Бұған қатысты өнерлі ерлі-зайыпты пікір білдірмеген.
Алайда Мөлдір Мұқанова Анна Данченкоға берген сұхбатында отбасында болып жатқан жағдай халық арасына шығып кеткенін айтқан болатын.