Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

28 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина чехиялық әріптесі Мария Боузковамен бірге Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жұптық сынының финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай финалда Данилина мен Боузкова британдық Хэрриет Дарт пен Майя Люмсденді 2:6, 7:5, 11:9 есебімен жеңіп шықты. Енді финалда олар аустралиялық Майя Джойнт пен тайваньдық Се Шувэймен кездеседі.

Бұл – Анна Данилина үшін соңғы бір айдағы қатарынан төртінші финал. Ол әр турнирде әртүрлі серіктеспен финалға дейін жетіп отыр:

«Ролан Гаррос» – Александра Круничпен (Сербия)

Лондон турнирі – Диана Шнайдермен (Ресей)

Ноттингем – Эна Шибахарамен (Жапония)

Истбурн – Мария Боузковамен (Чехия)

Айта кетейік, 30 маусым – 13 шілде аралығында Лондонда әйгілі Уимблдон турнирі өтеді. Жеребе тарту рәсімі 27 маусым күні өтті.