"Қазгидромет" РМК бүгін, 28 маусымда еліміздің екі ірі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда және түнгі уақытта Астанада ауа ластанады.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді метеофакторлардың жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, ластану деңгейінің қалыптасуына ең алдымен желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы және ылғалдылық сияқты ауа райының көрсеткіштері әсер етеді.
Мамандар азаматтарды денсаулығын сақтау мақсатында сақтық шараларын ұстануға, әсіресе тыныс алу жолдары сырқатына бейім адамдарға қоғамдық орындарға баруды шектеуге және ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.