Шымкентте өткен «Өнердің қос асылы» атты концертте филармония басшысын кінәлаған дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева сахнаға шығып, ән шырқады. Оған тыңдармандардың ықыласы ерекше болды, деп жазды turkystan.kz
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде арнайы видео жариялап, өзі баяндаған.
«Армысыздар, құрметті қазақ елі. Бүгін мені толғандырып тұрған жайт туралы айтқым келіп отыр. Кеше қаншама көңілім босап, қаншама көңілім толқып еді. «Сені енді халық тыңдаймайтын болды», «Сен енді бізге керек емессің» деген хаттарды оқып, әрине, жүрегім ауырғаны рас. Бүгін мен үшін өте қуанышты күн болды. Керемет концерттен, керемет кештен халықтың ықыласын көріп, мен сіздерді одан да қатты жақсы көріп кеттім. Жүрегімді бекер ауыртқан екенмін», — деді Наркенже Серікбаева.