Демалыс күндері Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін, 14:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 28–30 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Республиканың басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Жаңбыр, найзағай, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында – бұршақпен бірге қатты жаңбыр күтіледі", – делінген хабарламада.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Желдің күшеюі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Ауа температурасына келсек, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Күндізгі уақытта термометр бағандары батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18–28 градус жылуды, Қазақстанның орталығы мен шығысында 20–33 градус жылуды, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 27–38 градус жылуды көрсетеді деп күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Жауын