Аягөз қаласындағы мектепте Толқын Забирова атындағы мектеп ашылды

Бүгін, 10:18 / Інжу Әлихан
instagram

Абай облысы Аягөз қаласындағы мектептердің бірінде  әнші  Толқын Забирова атындағы кабинет ашылды.  Бұлл туралы өнер иесі желдегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол ерекше құрмет үшін Аягөз қаласының әкіміне ерекше алғысын білдірді.

 «Аягөз – менің алғашқы арманым басталған жер…

Бүгін мен үшін ерекше әрі толғанысқа толы күн болды. Себебі мен өзім алғаш рет 1-сыныпқа барған Аягөз қаласындағы №1 мектебіне қайта оралдым. Осы мектептің табалдырығын аттап, алғаш рет қалам ұстап, “Әліппемен” танысқан сәттерім күні бүгінге дейін жүрегімде сақталып келеді. Бұл жерде мен бар болғаны бір жыл ғана оқыдым, бірақ ол уақыт мен үшін — өмірімнің ең қымбат кезеңдерінің бірі.

Бүгінде дәл осы мектептің ішінде менің атыммен аталған арнайы кабинеттің барын көру — мен үшін зор құрмет пен ерекше жауапкершілік. Тағы бір қуанышты жаңалық — мектеп қабырғасынан менің шығармашылық жолымды бейнелейтін арнайы стенд орнатылыпты. Онда менің марапаттарым, фотосуреттерім, дипломдарым ілініп тұр.

Осындай ерекше құрмет көрсеткен мектеп ұжымына, Аягөз халқына, білім ордасының басшылығына және осы игі бастаманы қолдаған Аягөз қаласының әкіміне ерекше алғысымды білдіремін! Бұл – мен үшін шын мәнінде үлкен мәртебе.

Білім – адам өміріндегі ең маңызды негіздердің бірі. Сол алғашқы әріптер мен үйренген сабақтарсыз бүгінгі мен болмас едім. Сондықтан әр баланың жүрегіне үміт пен сенім ұялататын ұстаздарға мың алғыс!», - деп жазды әнші.

Тэгтер:

мектеп әнші Абай облысы кабинет Толқын Забирова