Қарағанды – Жезқазған тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Бүгін, 10:40 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарағанды мен Жезқазған арасындағы тас жолда түнде ауыр жол апаты болды. Жаңбыр жауып тұрған. Жолға жылқылар шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүргізушісі дер кезінде қимылдап үлгермей, құлынды қаққан. Соққы салдарынан көлік қарсы бағытқа шығып, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші де тежегішті басқанымен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Зардап шеккендер жоқ. Екі көлік бүлінген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Қарағанды Жол апаты Жылқы Жезқазған автожол Тас жол құлын жолға шығу