«Өзінен екі жас үлкен»: Журналист Айгүл Иманбаеваның келінін көпшілікке таныстырды

Бүгін, 09:22 / Інжу Әлихан
instagram

Әнші Айгүл Иманбаеваның келіні ұлынан екі жас үлкені белігілі болды. Бұл туралы журналист Анна Данченко мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналист өнер иесінің ұлы үйленіп, балалы болғанын көпшілік білмей қалғанын айтты. 

«Айгүл Иманбаеваның шаңырағында қос қуаныш. Ұлы Аслыжанның үйленіп, балалы болғанын көбісі білмейді екен, себебі әншінің баласы жеке өмірін жария етуден алшақ. Жан-жары - Жансая, өзінен 2 жас үлкен. Екеуі бір саладан. Айсұлу есімді  қыздары бар, бұйырса, жақында тағы да бөпелі болады. Бүгін Алматыда қос ғашықтың құрметіне дастархан жайылды. Белгілі себептерге байланысты үлкен үйлену тойлары болмады. Енді міне, Айгүл ханым ұлы мен келініне той жасап, артынша немересінің тұсаукесерін өткізді», - деп жазды журналист.

Тэгтер:

әнші келін той Айгүл Иманбаева Ұлы