Ауладағы мысыққа тамақ бермек болған әжей терезеден құлап көз жұмды

Бүгін, 09:13 / Алуа Арман

Мәскеудің оңтүстігінде егде жастағы әйел төртінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Ол көшедегі мысықты өзіне қаратуға тырысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әйел аулада жүрген мысықты тамақтандырмақ болған. Бір сәтте ол тепе-теңдігін ұстай алмай, құлап кеткен.

Зардап шеккен әйелді құтқару мүмкін болмады.

Тэгтер:

мысық зейнеткер қария әжей аула