Жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі TWESCO сыйлығымен марапатталды

ашық дереккөзі

Дархан Қыдырәлі TWESCO сыйлығымен марапатталды

Түркі академиясы xалықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дарxан Қыдырәлі Ыстамбұлда Халықаралық "Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы  ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.  "Жібек жолы" стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған жүлде "Жылдың үздік адамдарын марапаттау" кешінде табыс етілді. Салтанатты шараға Түркі әлемінің он мемлекетінен келген көрнекті тұлғалар, қоғам және мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.