Дархан Қыдырәлі TWESCO сыйлығымен марапатталды

Дархан Қыдырәлі TWESCO сыйлығымен марапатталды

Дархан Қыдырәлі TWESCO  сыйлығымен марапатталды
ашық дереккөзі
Түркі академиясы xалықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дарxан Қыдырәлі Ыстамбұлда Халықаралық "Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы  ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.  "Жібек жолы" стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған жүлде "Жылдың үздік адамдарын марапаттау" кешінде табыс етілді. Салтанатты шараға Түркі әлемінің он мемлекетінен келген көрнекті тұлғалар, қоғам және мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  width= Д.Қыдырәлінің марапатын ұйымдастырушылар TWESCO-ның тұрақты жауапшы xатшысы А.Кесікбаевқа табыс етті. Айта кету керек, биыл 13-ші рет өткізілген салтанатты кеште жыл бойы қоғамның түрлі салаларында ерен еңбегімен, елеулі жетістіктерімен көзге түскен қайраткерлер бірнеше номинациялар бойынша марапатталады.