Ресейде теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қазақстандық келіншек ұсталды

26 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан тумасы Ярослава Чумакова «террористерге көмектесті» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғаушылар оны 19 маусымда ұстаған. Оған Украинаның арнайы қызметтерімен байланысы бар деген айып тағылған. Тергеу кезінде күдікті «Украина өкілінің» өтініші бойынша ақпарат жинаумен айналысқанын айтқан.

Тергеу мәліметінше ол Украинаның арнайы қызметтеріне Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері қайда тұратыны, қандай көлікпен жүретіні жайлы ақпарат жинауға көмектескен.

Ол енді 17 тамызға дейін уақытша ұстау изоляторында болады.

Тэгтер:

күдікті Ресей Украина Қазақстан азаматы теракт тыңшы