«Сирек кездеседі»: Қазақстандық хоккейші ауыр дертке шалдыққанын айтты

26 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы хоккейшісі Ернар Мұсабаев сирек кездесетін қатерлі ісікке шалдыққанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

25 жастағы спортшының айтуынша, оған жұмсақ тіндердің қатерлі ісігі – миксоидты липосаркома диагнозы қойылған.

Қазіргі уақытта Ернар Оңтүстік Кореяда ем қабылдап жатыр және оған материалдық әрі моральдық көмек керек.

«Бұл рухани да, физикалық тұрғыда оңай емес. Бірақ мен жалғыз емеспін деп сеземін. Мен күресуге дайынмын. Өмірімде алғаш рет бәрін өзім көтермей, қолдау сұрап үйреніп жатырмын», – деді хоккейші.

Айта кетейік, Мұсабаев «Барыс» клубының фарм-командасы – «Снежные барсы» сапында ойнап, Қазақстан жастар құрамасына шақырылған. Сондай-ақ ол жастар арасындағы әлем чемпионатына да қатысқан.

Кәсіби хоккейдегі соңғы маусымын  2020-2021 жылдары Павлодардың «Ертіс» командасында өткізген. 

Тэгтер:

Көмек хоккей дерт ауру рак ем Ернар Мұсабаев