Қазақстан құрамасы муайтайдан Азия чемпионатында 7 алтын алды

26 маусым, 2025 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл команда сапында 24 отандасымыз жүлдеге таласты. Нәтижесінде U23 және ересектер кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

Біздің жетістіктер:

- Команда капитаны Әбіл Ғалиев – тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш отандасымыз.

- Даяна Дүйсенғали - «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды.

- Қазақстан құрамасы Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына -  «Best fair play team» ие болды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Тэгтер:

Қазақстан құрамасы спортшы Азия чемпионаты алтын медаль муайтай