Ақтөбеде 3 жасар бала саусағынан айырыла жаздады

26 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

25 маусымда құтқару қызметіне үш жасар бала саусағын ойыншықтың пластикалық бөлшегі қысып қалғанын, оны өздігінен алу мүмкін болмай жатқаны жайлы қоңырау келіп түсті. Оқыс оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданы, Оспанов көшесіндегі үйлердің бірінде болған, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар өте сақтықпен әрекет етіп, үш жасар баланың қолын жарақаттамай аман-есен босатты.

Тэгтер:

Ақтөбе