Құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

26 маусым, 2025 / Алуа Арман
112

Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, Теміржол вокзалының аумағындағы көпірден ер адам секірмек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жедел келген ТЖМ қызметкерлері автосатыны пайдаланып, ер адамды көпірден түсірді.

Құтқарылғаннан кейін ол 102 қызметінің мамандарына және жедел медициналық жәрдем бригадасына қажетті көмек көрсету үшін берілді.

Тэгтер:

көпір секіру