Алматы облысында анасымен бірге суға батып кеткен баланың денесі табылды

26 маусым, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

2024 жылғы 24 маусымда Алматы облысы Талғар ауданында қайғылы оқиға орын алды: әйел өз ұлын құтқару үшін Талғар өзеніне секіріп, екеуі де суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бала суға түсіп кетіп, бата бастаған. Анасы бір сәт те ойланбастан ұлын құтқаруға ұмтылған, алайда ағын өте күшті болған. Әйел қаза тапты, оның денесін құтқарушылар оқиға болғаннан кейін көп ұзамай тапты. Ал баланы іздеу келесі күнге дейін жалғасты.

25 маусым күні еріктілер іздестіру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Баланың денесін өңірлік жедел-құтқару қызметі (ӨЖҚҚ) мен Қонаев қаласының құтқарушылар отрядының қызметкерлері тапты.

"Міне, бәрі де аяқталды... Талғар ауданындағы іздестіру жұмыстары аяқталды. Жаңа ғана ӨЖҚҚ мен Қонаев қаласы құтқару отрядының қызметкерлері баланың денесін тапты. Әкесі мен барлық туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл ауыр қасіретті көтеруге күш пен сабыр тілейміз", – деп жазды еріктілер.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құтқарушылар тұрғындарға, әсіресе жаз мезгілінде, су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін тағы да ескертеді.

Тэгтер:

өзен ағыс Талғар ауданы суға батып кетті