3 мұғалім қаза тапты: Қостанайда жол апатына себепкер болған жүргізушіге сот үкімі шықты

26 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
qostanai.media

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 мұғалімнің өмірін қиған жол апатына себепкер жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың 16 желтоқсанында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында сотталушы Р. «VOLVO FH12» маркалы автокөлігімен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қостанай қаласы бағытында келе жатқан жүргізуші С. басқарған «TOYOTA ALFARD» маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «TOYOTA ALFARD» автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақаттарынан көз жұмды. Ал жүргізуші С. және екі жолаушы, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, түрлі дене жарақаттарын алды.

Сот сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, Р-ға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Қостанай облысы мұғалім Жол апаты