Теннисші Анна Данилина халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

26 маусым, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды.

Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.

Ширек финалда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж бен Сонай Картал жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға жолдама алу үшін олар енді Майя Ламсден мен Харриет Дартты (Ұлыбритания) тізе бүктіруі қажет.

Тэгтер:

Турнир теннис Анна Данилина Истборн