«5 адам дарға асылды»: Иранда тыңшылық жасады деген күдікпен 700-ден астам адам тұтқындалды

Бүгін, 10:53 / Алуа Арман
Фото: Anadolu

Соңғы екі аптада, Иран мен Израиль арасындағы соғыс басталғалы бері, Иранда Израильмен байланысы бар деген күдікпен 700-ден астам адам тұтқындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен жексенбіден бері бес адам дарға асылды, олардың үшеуі – сәрсенбі күні таңертең. Иран билігі оларды «Моссад агенттері» деп атады.

«Израильдің Иранға шабуылынан кейін сионистік режимнің тыңшылық желісі елде аса белсенді бола бастады», – деп жазады Иранның Fars News агенттігі.

Елдің сот жүйесіне маманданған басқа бір агенттік – Mizan агенттігі – үш дарға асылған адамның аты-жөнін жариялады. Олар: Идрис Али, Азад Шоджай және Расул Ахмад Расул.

Тағы екі адам – Мұхаммад-Амин Махдави Шайстех пен Маджид Мосайби – өткен жексенбі және дүйсенбі күндері дарға асылған.

БАҚ мәліметінше, олардың барлығы «сионистік режимнің пайдасына ынтымақтастық жасады» деп айыпталған, атап айтқанда, кейіннен аты-жөні аталмаған жоғары лауазымды тұлғаларды өлтіруде қолданылған жабдықтарды елге заңсыз кіргізумен айналысқан.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға соққы жасаған болатын.

Оған жауап ретінде Иран 100-ден астам дронмен шабуыл жасады. Сонымен қатар, Израиль өз елшіліктері мен консулдықтарын жапқаны белгілі болды.

АҚШ соғысқа араласты

22 маусымда АҚШ соғыс қимылдарына қосылды: америкалық ӘӘК Натанз, Фордо және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарға соққы берді.

Тэгтер:

Израиль иран тыңшы дарға асу