«Алла Тағала бәрін реттейді»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, кейінгі кезде әншілігімен көзге түсіп жүрген Мөлдір Мұқанова “Шәй в большом городе” атты алғашқы киносын түсіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мөлдір түсірілім барысында көз жасына ерік берген сәті таспаланған видео жүктеді.

«Сахнада - күлімдеген бейне. 
Камера сыртында - көз жасына тұнған шындық. Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес. Бұл - жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!», — деп жазды ол.

"Всем на зло. Әлі жарқырайсың. Киноң да атады. Бәрі де атады. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жыламашы. Мені де жылатасың қазір. Азын-ауақ сынақ. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама", – деп жұбатуда командасындағылар.