Танымал актер өзінен 21 жас кіші қызға үйленді (ВИДЕО)

26 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Жайдарманшы әрі танымал актер Нүркен Иманқұлов Instagram-дағы парақшасында өзінен біршама кіші бойжеткенге үйленіп, дүркіретіп той жасағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әкем мен анам ресми құда болды. Қызметте болған барлық бауырларыма отбасымның атынан үлкен рахмет. Өте қуаныштымын», деп жазды ол.

Алайда әлеуметтік желідегі оқырмандары актердің әйелі өзінен 21 жасқа кіші екенін жарыса жазуда. Сондай-ақ, екінші әйелі екені айтылуда.