Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Сәтбаев қаласының тұрғыны Жүрсін Тайғараев «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен наградталды. Награда екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батырлығы, табандылығы және жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін берілді.
Награда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде табысталды. Медальді облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров табыс етті.
Бұл оқиға 2025 жылдың 23 мамырында Сәтбаев қаласындағы Технологиялық колледж ауданында болды. Екі бала кездейсоқ жаңбыр суына толып қалған қоршалмаған шұңқырға құлады. Бір секунд та ойланбастан Жүрсін Тайғараев өз өмірін қатерге тігіп, көмекке асықты. Оның жанқиярлық әрекеттерінің арқасында балалар аман-есен құтқарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Сәтбаев тұрғынының іс-әрекетін жоғары бағалап, оны шынайы азаматтық ерлік деп атады. Кәсіпқойлықпен қатар, бұл награда оның құрметке лайық жоғары адамгершілік қасиеттерін де көрсетеді.